Ak-Sakal.kz және www.Ak-Sakal.ru
1. Осы келісімде пайдаланылатын анықтамалар
• Қазақстандық Ak-Sakal жобасы – Пайдаланушыға ақпараттық қызметтер ұсынатын бағдарламалық-техникалық құралдардың, сайттардың кешені;
• Пайдаланушы - осы Келісімге қосылған және Ak-Sakal жобасының ақпараттық қызметтеріне қолжетімділік алған жеке тұлға;
• Ақпараттық қызметтер (Қызметтер) – Қазақстандық Ak-Sakal жобасы ақысыз негізде ұсынатын әртүрлі ақпарат және интернет-сервистер және басқа он-лайн және ақпараттық қызметтер, оларға қолжетімділік Ak-Sakal.kz и www.Ak-Sakal.ru мекенжайы бойынша ұсынылады.
2. Келісім пәні
2.2. Осы Келісім жеке тұлғаларға (Пайдаланушыға) ақысыз ақпараттық қызметтер (бұдан әрі «Қызметтер» деп аталатын) ұсынудың тәртіптерін анықтайды, сонымен қатар осы Келісімге қатысатын Тараптардың өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
2.3. Тараптар осы Келісімшарт бойынша көрсетілетін Қызметтердің Пайдаланушыға «бар күйінде» формасында, яғни Қызметтерді ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайларда не болмаса Қызметтерді ұсыну кезінде іркілістер (кідірістер, жаңылыстар, хат-хабарлардың сақталуы мен сенімділігі, пайдаланушының қандай да бір ақпаратының сақталуы және т.б.) болған жағдайларда қандай да бір кепілдіктерсіз және міндеттерсіз ұсынылатынымен келіседі.
2.4. Осы Келісім Ak-Sakal жобасының әкімшілігі өз бетінше бекітетін ақылы қызметтерді көрсету барысында туындайтын құқықтық қатынастарға таралмайды.
3. Келісімді жасасу тәртібі
3.1. Осы Келісім қосылу шарты болып табылады, оны жасасу Пайдаланушының осы Келісімді Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде қарастырылған тәртіпте қабылдауы арқылы, яғни осы Келісімге қандай да бір шарттар, алып тастаулар мен арнайы ескертулерсіз қосылуы жолымен жүргізіледі.
3.2. Осы Келісімге қосылу Ak-Sakal сайттарының біріне бірінші рет және одан кейінгі ену кездерінде жүзеге асырылады.
3.3. Осы Келісім Ak-Sakal жобасының қазақ тіліндегі болсын, оның орыс тіліндегі нұсқасы болсын сайттарының барлығы үшін біреу.
3.4. Келісімде ешнәрсе пайдаланушы мен жоба әкімшілігі арасында агенттік қатынастар, жолдастық қатынастар, бірлескен қызмет бойынша қатынастар, жеке жалдау қатынастары, не болмаса келісімде тікелей қарастырылмаған қандай да бір қатынастар орнатылу деп түсініле алмайды.
3.5. Келісім мәтіні немесе Келісімге сілтеме Авторға жобаға тіркелген кезде, сонымен қатар жоба сайттарының беттерінде шығарылады, бұл бетерде пайдаланушы сайтқа Ақпарат жібере алады. Келісім тіркеу кезінде немесе Ақпаратты сайтқа жіберу кезінде Автордың «Жіберу» немесе «Қосу» түймелерін басуы формасымен өзінің келісім шарттарымен келісетіндігін білдіргенінен кейін күшіне енеді.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
4.1.1. Пайдаланушы кез келген уақытта Қызметтерден бас тарта алуға құқылы;
4.1.2. Пайдаланушы осы Келісімнің шарттарын сақтауға міндеттенеді;
4.1.3. Пайдаланушы тіркеу сауалнамасының сұрақтарына сәйкес тіркеу процедурасын жүзеге асыру кезінде толық, дәл және шынайы ақпарат беруге міндеттенеді;
4.1.4. Пайдаланушы Ak-Sakal жобасының желілік қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге не болмаса сайттарының бірінің, не болмаса тұтас Ak-Sakal жобасының жұмысын бұзуға бағытталған әрекеттер жасамауға міндеттенеді;
4.1.5. Пайдаланушы Қызметтерді жарнамалық немесе басқа сипаттағы (спам) корреспонденцияны жаппай тарату үшін пайдаланбауға міндеттенеді; бұған мұндай тарату алушылардың өздерінің бастамасымен не болмаса олардың келісімімен жүзеге асырылатын жағдайлар енбейді;
4.1.6. Пайдаланушы Қызметтерді Қазақстан Республикасының заңына не болмаса халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін мазмұндағы ақпаратты жіберу не болмаса тарату үшін пайдаланбауға міндеттенеді.
4.1.7. «Форумдар» тарауының Пайдаланушысы осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын «Ak-Sakal жобасының форумдарын пайдалану қағидаларын» сақтауға қосымша міндеттенеді;
4.1.8. Әрбір Пайдаланушы үшеуден аспайтын есептік жазба (аккаунт) тіркей алады. Егер Пайдаланушы тіркелгісі келген есептік жазба атауымен басқа Пайдаланушы тіркелген болса, құқық оны бұрын тіркеген Пайдаланушыға тиесілі болады.
4.1.9. Пайдаланушы өзінің тіркелген аты мен паролі арқылы жүргізілетін барлық әрекеттер үшін толық жауапкершілікте болады.
4.2. Жоба Әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері
4.2.1. Ak-Sakal жобасының әкімшілігі Пайдаланушы өзінің тіркелуі кезінде берген жеке ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндеттенеді, бұған мұндай ақпаратты беру Қызметтерді көрсетудің қажетті шарты болған жағдайлар не болмаса мұндай ақпарат беру Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес міндетті болып табылатын жағдайлар енбейді;
4.2.2. Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі Пайдаланушының барлық қосылулары (IP-мекенжайлар, cookies және сұратылған беттердің мекенжайлары) туралы ақпаратты сақтауға құқылы, егер мұндай ақпарат Қызметтерді көрсету барысында алынған болса;
4.2.3. Пайдаланушының Ak-Sakal жобасында жариялаған кез келген ақпаратын алдын ала хабарлаусыз алып тастауға Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі құқылы, егер бұл ақпараттың сипаты немесе мазмұны ҚР қолданыстағы заңнамасын бұзса, қорлау сипатында болса, басқа азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделеріне, не болмаса осы Келісімге қайшы келсе.
4.2.4. Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі Пайдаланушының NUR.KZ форумдарындағы хабарламаларын Форумдардың қағидаларына сәйкес алдын ала хабарлаусыз алып тастауға және өзгертуге құқылы;
4.2.5. Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі 3 (үш) күнтізбелік ай қатарынан белсенді емсес пошта жәшіктеріне қызмет көрсетуді доғаруға құқылы (бұл поштаға пошта серверімен пошта алу белсенділік емес);
4.2.6. Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі Пайдаланушы осы Қағидаларды бұзған жайдайда, соның ішінде егер Пайдаланушының тіркеу сауалнамасында берген ақпараты шын болмаса, осы Пайдаланушыға қызмет көрсетуді доғара тұруға немесе тоқтатуға құқылы;
4.2.7. Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі Қызметтер көрсетуді кез келген уақытта доғара тұруға немесе тоқтауға құқылы;
4.2.8. Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі жаңа Қызмет түрлерін енгізуге, Қызмет көрсету көлемін, сипатын және тәсілдерін өзгертуге құқылы;
4.2.9. Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі Қызмет көрсету үшін қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың техникалық сипаттамалары мен параметрлерін жоспарлы түрде немесе жоспардан тыс өзгертуге, соның ішінде осы мақсатта Қызмет көрсетуді уақытша доғара тұруға құқылы;
4.2.10. Пайдаланушылардың қайсысы болмасын Келісімді бұзған жағдайда жоба Әкімшілігі тарапынан әрекетсіздік жоба Әкімшілігінің өз мүдделерін қорғау үшін және жоба сайттарының кез келгенінің заңнамаға сәйкес қорғалатын материалдарына авторлық құқықтарын қорғау үшін тиісті әрекеттерді кейінірек жүзеге асыру құқығынан айырмайды;
5. Жауапкершіліктің шектелуі
5.1. Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі Қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктің жоқтығы үшін не болмаса Қызметтердің сапасыздығы үшін жауапкершіліктен толығымен босатылады.
5.2. Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамауы үшін жауапкершіліктен толығымен босатылады, егер орындамау немесе дұрыс орындамау техногендік сипаттағы реттеуге келмейтін күштердің салдары, атап айтқанда: Ak-Sakal жобасы үшін пайдаланылатын күштік электрлік немесе компьютерлік желілердегі немесе электр байланысы жүйелеріндегі апат (жұмыстағы іркіліс), сонымен қатар Ak-Sakal жобасының жұмысын бұзуға қасақана бағытталған үшінші тараптардың әрекеттерінің нәтижесі болса;
5.3. Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі Пайдаланушының ақпаратының толығымен немесе жартылай жоғалғандығы үшін жауапкершілікте болмайды, егер бұл Пайдаланушының өзінің қасақана жасалған немесе байқаусыз әрекеттерінен туындаса (хаттардың, пошта жәшіктерінің, сайттардың алынып тасталуы, поштамен алынған зиянды бағдарламаларды қосу және т.б.). Деректер ашық желілермен берілетіндігін және оның қауіпсіздігі мен құпиялылығы кепілдендіріле алмайтындығы ескеріледі;
5.4. Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі ақпараттық немесе жарнамалық материалдардың шынайылығы үшін немесе олардың Пайдаланушының тілектері мен қажеттіліктеріне сәйкестігі үшін, сонымен қатар Пайдаланушының да, кез келген үшінші тұлғалардың да кез келген шеккен залалы немесе айырылып қалған пайдасы үшін, тіпті ол Қызметтерді пайдаланудың не болмаса пайдалануға мүмкіндік болмағандықтың нәтижесі болса да, жауапкершілік алмайды;
5.5. Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі Ak-Sakal жобасының Қызметтері, Ak-Sakal жобасы мен оның әріптестері жариялайтын ақпараттық материалдар, Қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалар және порталдың дизайны ҚР авторлық құқық туралы заңдарымен, сонымен қатар осы облыста қолданылып жүрген халықаралық заң актілерімен қорғалатындығын мойындайды және келіседі.
5.6. Аталған материалдарды пайдалану және цитата ретінде пайдалану үшін міндетті түрде Ak-Sakal жобасының сайттарының біріне шақырылатын сілтеме көрсету керек.
5.7. Порталда сілтемелері болуы мүмкін сыртқы ресурстарға Пайдаланушының кіргендігі және оларды пайдаланғандығы үшін Ak-Sakal жобасы Әкімшілігінің жауапкершілік алмайтындығы жөнінде Пайдаланушы ескертілді.
5.8. Пайдаланушы жобаның барлық материалдары мен сервистерінде немесе олардың кез келген бөліктерінде жарнама болуы мүмкіндігі туралы ережені қабылдайды. Пайдаланушы жоба Әкімшілігінің осындай жарнамаға байланысты ешқандай жауапкершілік алмайтындығымен және қандай да бір міндеттемелері жоқтығымен келіседі.
6. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
6.1. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар Ak-Sakal жобасының Әкімшілігінің шешімімен біржақты тәртіппен енгізіледі.
6.2. Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі осы Келісімге өз бастамасымен енгізетін өзгерістер және/немесе толықтырулар Ak-Sakal жобасының Әкімшілігінің өкілетті лауазымдық тұлғасы бекіткеннен кейін үш күн өткеннен соң күшіне енеді.
6.3. Заңнаманың өзгеруіне байланысты Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі осы Келісімге енгізетін өзгерістер және/немесе толықтырулар сол заң актілеріне жасалған өзгертулердің күшіне енуімен бір уақытта күшіне енеді.
6.4. Осы Келісімшартқа енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар мәтінін не болмаса оның жаңа редакциясын Ak-Sakal жобасының Әкімшілігі көпшілікке осы бетте, сонымен қатар Ak-Sakal жобасының жаңалықтар сайттарында - www.Ak-Sakal.ru и Ak-Sakal.kz - жариялау арқылы жеткізеді.
6.5. Осы Келісімшарт қағидалары, сонымен қатар оның алдағы редакцияларының барлығы, Ak-Sakal жобасының барлық Пайдаланушылары үшін, оның ішінде бұдан бұрын тіркелген Пайдаланушылары үшін міндетті.
7. Ақпаратты орналастыру шарттары
7.1. Ak-Sakal жобасы ақысыз сервис болғандықтан, ұсынылған Ақпарат үшін Авторға сыйақы төленбейді, егер бұл жөнінде пайдаланушымен жасасқан бөлек келісімде әдейі ескертілмеген болса.
7.2. Осы Келісімге қосылған және Ak-Sakal жобасының сайттарының бірінде орналастыру үшін Ақпарат жіберген Автор Әкімшілікке Ақпаратты осы ресурс шеңберінде қандай да бір сыйақы төлеусіз еркін пайдалану және оған кең қолжетімділік құқығын табыстайды (3.7 тармақта регламенттелген қолжетімділікті шектеулерді ескерумен). Автордың Ақпараты бар беттерде жарнамалық баннерлер мен хабарландырулар орналастыруға Әкімшіліктің құқылы екендігімен Автор келіседі.
7.3. Осы ресурста жарияланған Ақпаратты құқықсыз пайдаланған тұлғалар мен ұйымдар Ақпаратты санкцияланбаған көшіруі және пайдалануы үшін жауапкершілікте болады.
7.4. Басқаша белгіленгенге дейін, Ақпаратқа мүліктік және мүліктік емес құқықтардың барлығы оларды орналастырған Авторға тиесілі болады. Басқа біреудің шығармаларын құқықсыз пайдалану және орналастыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белігленген жауапкершілік жөнінде Автор ескертілді. Ақпаратты орналастырған Автордың Ақпаратқа ие болу құқығы жоқ екендігі анықталған жағдайда, бұл Ақпарат заңды құқық иесінің бірінші талабы бойынша еркін қолжетімділіктен алынып тасталады.
7.5. Ақпаратты орналастырған кезде Әкімшілік Автордың Ақпаратты берген кезде көрсеткен лақап атын (никнеймін) көрсетеді.
7.6. Жобада орналастырылатын Ақпаратта келесілер болмауы тиіс:
Заңсыз, зиянды, қауіп төндіретін, адамгершілікке, ар-ожданға, құқыққа және үшінші тараптардың заңмен қорғалатын мүдделеріне тіл тигізетін, жала, авторлық құқықты бұзатын, өшпенділікті насихаттайтын және/немесе адамдарды нәсілдік, этникалық, жыныстық, әлеуметтік белгілері бойынша кемсітетін, діни, нәсілдік немесе ұқлтаралық араздыққа ықпал ететін, зорлық, не болмаса хайуандарды жәбірлеу көріністері бар және т.б. материалдар болмауы тиіс;
азшылықтың құықтарына қысым жасау;
өзін басқа адам ретінде немесе, құқығы жеткіліксіз бола тұра, ұйымның және/немесе қоғамдастықтың өкілі ретінде, соның ішінде жоба қызметкері, жоба иесі ретінде көрсету, сонымен қатар қандай да бір субъект немесе объектінің қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты жаңылыстыру;
заң бойынша немесе қандай да бір келісімшарттық қатынастарға сәйкес Пайдаланушының қолжетімділік беруге құқығы жоқ материалдар;
қандай да бір патентті, сауда маркасын, коммерциялық құпияны, копирайтты немесе басқа меншік құқығын және/немесе үшінші тараптың авторлық және сабақтас құқықтарын қозғайтын материалдар;
арнайы түрде рұқсат берілмеген жарнамалық ақпарат, спам, сызбалар, «пирамидалар», «бақыт хаттары»;
кез келген компьютерлік немесе телекоммуникациялық жабдықты немесе бағдарламаны бұзуға, жоюға немесе функцияларын шектеуге арналған, санкцияланбаған қолжетмділікті жүзеге асыруға арналған материалдар, сонымен қатар коммерциялық бағдарламалық өнімдер, логиндер, парольдер және Интернеттің ақылы ресурстарына санкцияланбаған қолжетімділік алуға арналған басқа құралдар;
қолданыстағы қандай да бір жергілікті, мемелекеттік немесе халықаралық заңдарды қасақана немесе байқаусызда бұзу;
басқа пайдаланушылардың дербес деректерін жинау және сақтау;
жарнамалық, коммерциялық немесе насихаттық сипаттағы жазбаларды келісілмеген беру;
есіркілік заттардың жарнамасы;
кімге болсын арналған дөрекі және қорлайтын сөздер бар жазулар мен ұсыныстар;
порнографиялық сипаттағы материалдар бар жазбалар.
7.7. Әкімшіліктің Автордың Ақпаратын орналдастырудан бас тартуға, сонымен қатар Ақппаратты өз қалауынша, егер олардың мазмұны осы Келісім талаптарына қайшы келсе, алып тастауға құқығы бар. Бұл ретте Әкімшілік Авторды мұндай бас тартудың себептері жөнінде хабардар етуге міндетті емес.
7.8. Автор Сайтқа орналастырылатын Ақпаратқа қатысты өзінің толық жауапкершілік алатынымен келіседі. Әкімшілік Ақпараттың мазмұны үшін және оның заң талаптарына сәйкестігі үшін, авторлық құқықтың бұзылуы, тауарлық белгілердің, фирма атауларының және олардың логотиптерінің санкцияланбаған пайдаланылуы, сонымен қатар Ақпаратты Сайтта орналастырумен байланысты үшінші тұлғалардың құқықтарының бұзылуы үшін жауапкершілік алмайды. Құзыретті үшінші тұлғалардан Ақпараттың Сайтта жариялануымен байланысты наразылық түскен жағдайда, Әкімшілік Автор туралы өзінде бар теххникалық ақпаратты (IP мекенжайы мен email) береді және Автор аталған наразылықтарды өз бетінше және өз есебінен реттейді.
8. Қорытынды ережелер
8.1. Егер осы Келісімнің қандай да бір шарттары заңды күшін жоғалтса, заңсыз деп танылса немесе осы Келісімнен алынып тасталса, бұл осы Келісімнің басқа шарттарының күшінен айырылуына әкелмейді, олар заңды күштерін сақтайды және Тараптардың барлығының орындауы үшін міндетті болып табылады.